Түркістанда жекеменшік үйде бес адамның мәйіті табылды, оның төртеуі жас бала
Түркістандағы жекеменшік үйде бес адам өлі табылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды ORDA тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
Түркістанда жеке тұрғын үйден бес адамның мәйіті табылды, оның төртеуі бала, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.
– 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің «103» пультіне Түркістан қаласында жеке тұрғын үйінде көршілері арқылы өмір белгілері жоқ 5 адам, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылған жоқ. Бұл үйде табиғи газбен жылыту орнатылған, делінген хабарламада.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер, жедел жәрдем мен «ҚазТрансГаз» АҚ мамандары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
– Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 техника), ПД (15 қызметкер және 4 техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 техника), «ҚазТрансГаз» АҚ (3 қызметкер және 1 техника) қызметкерлері шықты, делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық