Түркістанда жүргізуші үш баланы қағып, қашып кетті
Үш баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан із суытқан күдікті іздестірілуде. Оқиға Түркістан облысында болған. Жарақаттанғандардың бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ORDA.
«14 ақпанда Жетісай аудандық полиция бөліміне түрлі дене жарақаттарымен кәмелет жасына толмаған 3 баланың жеткізілгені туралы ауруханадан хабарлама келіп түсті. Аталған жайт бойынша полицейлер бірден тексеру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер сол күні кешкі сағат 17:50 шамасында Жетісай ауданындағы С.Ерубаев көшесі бойында белгісіз автокөлік оңтүстіктен солтүстік бағытына қарай жүріп бара жатып, 3 жасөспірім баланы соғып, жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтады.
Салдарынан үш бала да ауруханаға жеткізілді. Яғни 16 және 13 жас шамасындағы балалар түрлі дене жарақаттарымен ем қабылдауда. Ал 4 жастағы бүлдіршін ауыр дене жарақатынан жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды», - деді полиция департаментінен.
Көрсетілген факті Жетісай аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Аудан полицейлері күдіктіні анықтауға қатысты жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнын тиянақты тексерген тәртіп сақшылары белгісіз автокөліктің артқы жарық шамдарының сынықтары мен айна сынықтарын тапты. Олардың «Ауди-100» маркалы автокөлігіне тиесілі және көліктің түсі сұр-қара болуы ықтимал екенін болжауда.
Сондықтан осы болжамға сәйкес Жетісай ауданындағы «Ауди-100» маркалы автокөліктер тыңғылықты тексерілуде», - деп нақтылады мекеме.
Аталған оқиға бойынша қандай да бір мәліметке ие азаматтар 102 нөміріне, не болмаса Жетісай АПБ-ның кезекші бөліміне: 87253467020, сенім телефонына: 6-70-07 хабарласа алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық