Түркістандағы жантүршігерлік жағдайға қатысты тың ақпараттар пайда болды
Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков он жеті ер адамның зорлағаны туралы хабарлаған сарыағаштық оқушы қыздың ісіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданында 17 ер адамның қызды зорлағаны туралы ақпарат шығып, осы ауданға жеке өзім барып, қызбен анасы және адвокат пен журналистің қатысуымен кездестім. Естеріңізге сала кетейін, әйел ең алдымен 25 мамырда полицияға 17 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарлаған. Аталған жайтты біз ҚР ҚК-нің 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша СДТБТ-ға тіркедік. Содан кейін полиция қызды бір күн бойы іздеп тауып, ата-анасына қайтарды. Бір аптадан кейін, яғни 31 мамырда әйел тағы да полицияға күдікті адамдарға қатысты ұрлау жайты бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы нотариалды куәландырылған өтініш түсірді, - деп жазды Дәлбеков Facebook-те.
10 маусым күні ауыл тұрғыны полицияға қайта жүгінген. Осы жолғы арызында оқушы қызды 17 адамның зорлағаны туралы айтылған.
– 2021 ж. 10 маусымда ауыл тұрғыны қайтадан полицияға жүгінді. Бұл жолы қызы жоғалған кезде оны 17 ер адам зорлаған болып шықты. Мәлімделген қылмыстың ауырлығы ескеріліп, бұл хабарлама бірден ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, - деді ол.
Сот-медициналық сараптама орталығы оқушы қыздың зорлық-зомбылық көрді деген дерегін жоққа шығарып отыр. Ал қыздың анасы күдіктілерден 8 миллион теңге алған.
– Сот-медициналық сараптама орталығының қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сондай-ақ анасы қызының киімін өз қолымен өртегенін мойындады. Осыған байланысты сарапшылар сараптама жүргізе алмады. Оған қоса күдіктілерден 8 миллион теңге алғанын да анасы өзі хабарлап отыр. Сондықтан жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде тергеу күдіктілердің кінәсін тек сараптама нәтижелеріне сүйене отырып анықтауға болатынын түсіндіргім келеді. Яғни бұл істе сараптама аса маңызды, сол арқылы зорлық болған, болмағаны анықталады. Қазір бұл іс ТО ПД Тергеу басқармасында қаралуда. Сараптаманың бірнеше түрі тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп жазды Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық