Түркістандағы оқушы қыздардың төбелесі Тұрғымбаевқа жолданды
Facebook желісінде сыныптасын аяусыз ұрған оқушы қыздың бейнежазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Шымкенттік блогер видеоны әлеуметтік желіге жүктеген.
Блогер бұл видеоны жариялай отырып, Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жасады. Оның айтуынша жергілікті полиция қызметкерлері мектептегі тәртіптің сақталуына жауап беруі тиіс.
– Ерлан Тұрғымбаев мырза, жергілікті полиция инспекторлары мектептерді аралап «жастар арасындағы қылмысты болдырмау бағытында» түсіндірме жұмыстарын өткізу керек деп ойлаймын. Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықты алдын алмасақ, түрме толады, - деп жазды ол.
Оқиға Түркістан облысы, Кентау қаласы №1 -ші мектептің 8-ші сынып оқушылары арасында болған. Жанжал салдарынан Рахымжанқызы Сабинаны бірнеше қыз болып аса қатыгездікпен сабаған. Дереккөздердің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта таяқ жеген 14 жасар оқушы қыз Кентау қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық