Түркістанда әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірген адам қамалды
Фото: видеокадрдан
Түркістан облысында өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен төрт баланың әкесі қамауға алынды.
43 жастағы ер адам 38 жастағы жұбайын арақ ішуден бас тартқаны үшін таяқтың астына алған. Қара жамылған марқұмның жақындары енді күйеу балалары мен қоса құдағиын да жауапқа тартуды талап етуде.
Олардың отасқандарына 15 жыл болған. Бұл олардың алғашқы жанжалы емес. Марқұм бұған дейін де көгала қойдай болып жүретін, алайда балалары үшін үндемейтін.
Марқұмның жақындары күйеу баласының жұдырық ала жүгіретінін бұрыннан біледі. Оларды тіпті бірнеше рет ажыратып алмақ болған. Бірақ «балаларым үшін шыдаймын» деп, әйелдің өзі бас тартқан.
«Соңғы рет үйіне ішіп келген отағасы екі шөлмек коньяк әкеліп, біреуін әйелінің аузына құйған, ал қарсыласқан кезде басынан бос бөтелкемен ұрған» дейді марқұмның туыстары. Ең сорақысы, жанжал балаларының көзінше болған.
«Қызымды сүйреп үйіне дейін әкелген. Бетінен ұрған, тісін сындырған. Шашынан жұлған. Шаштан шаш қалмаған. Тістің бәрін қағып алған. Ол аз деп, үстіне секіріп, қызымның қабырғасын сындырған. Жүрегі мен өкпесін жабыстырып жіберген. Сондай айуандықпен істеп отыр» дейді марқұмның анасы Қаламқас Сартаева.
Жанжал кезінде отбасының үлкен қызы полицейлерге бірнеше рет хабарласқан, алайда олар 40 минуттан кейін келген. Полицейлер мен дәрігерлер келгенше келіншек бақилық болып кеткен.
Тәртіп сақшылары бір баппен қылмыстық іс қозғап, күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.
«Күдікті қылмысын толық мойындап, өкінішін айтуда. Айғақ ретінде алынған заттарға қатысты сот сараптамасы тағайындалған. Күдікті профилактикалық есепте тұрмайды. Көрші және туыстарынан жанжал-шу болғаны жайлы арыз-шағым осы күнге дейін түспеген» деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі Еділ Алтынбаев.
Марқұмның кәмелетке толмаған төрт баласы әжесінің қолына өтті. Анасынан айрылған екі ұл, екі қызға психологиялық көмек қажет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық