Түркістанда халық қаражатына салынып жатқан жерасты мешітінің іргетасы қаланды
Фото: Facebook/Мира Муслим
Бүгін Түркістанда «Қылует» жерасты мешітінің іргетасы қаланды, деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім.

Мира Мүслімнің айтуынша, мешіт Түркістанның рухани-мәдени орталығына айналмақ.
«Қылует» - Түркістандағы жерасты мешіті, Рухани-мәдени орталық. Бүгін жаңа нысанның іргетасы қаланды. Құрылысқа барша қазақстандықтар үлес қоса алады. Мешіттің көлбей орналасқан дөңгелек шатыры кәдімгі ай формасындағы жарықпен көмкеріліп, оған жасанды газон жабылады. Саттарханов көшесіне қарайтын бұл көріністің қала көркіне ерекше рең қосары анық. Жарқырай көрінген айдың сұлбасы түнде қаланың кіре берісінен арнаулы белгі сияқты көрінеді. Мінәжат залы 500 адамға есептелген» деп жазды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы өзінің Facebook парақшасында.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, мешіт қазақстандықтардың қаражатына салынады және оған кез келген адам ат салыса алады.
«Бүгін іргетасы қаланған орталық ашылған соң облысымыздың руханиятына оң серпін береді деп ойлаймын. Бұл орталық кәсіпкерлердің және жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынады. Арнайы есепшот жарияланып, оған кез келген адам үлес қоса алады. Менің ойымша, Түркістандағы мешітті салуда менің де кішкентай үлесім бар деген сезім азаматтарға жігер береді. Игі бастамаға қолдау білдіріп жатқан азаматтарға алғысымыз мол» деді облыс әкімі.

Мешіт пен медресе келесі жылы қолданысқа беріледі
Жалпы мешіттің құрылысына Қазақстандық және түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасайды. Жобаны жүзеге асыру үшін «Хилует» қайырымдылық қоры ашылған.
Жоба авторы - Шоқан Матайбеков. Оның айтуынша, рухани орталықтың ауданы 0,86 гектар, ал көлемі 2300 шаршы метр болады.
Құрылыс 2021 жылдың қазан айында басталған, 2022 жылы қолданысқа беріледі.
Белгілі болғандай, жерасты мешітінің жанында 1282,8 шаршы метр көлемде медресе ашылады. Ол мешітпен бір уақытта қолданысқа беріледі.

Түркістан облысы әкімдігі мешіттің тарихы тереңде жатқанын айтты.
«Түркістанда XIX ғасырдың екінші жартысында (1864-1865 жж.) салынған «Қылует» мешіті болған. Мешіт ғимараты 1960 жылы бұзылып, орнына бір күмбезді жаңа мешіт бой көтерген. Кейін келушілердің көбеюіне байланысты 1980 жылы толық сүріліп, қайта салынған. 2020 жылы мешіт жарамсыз деп танылып, бұзылған. Қазіргі таңда мешіттің Түркістан қаласы үшін тарихи маңыздылығы ескеріле отырып, 500 адамға лайықталып, қайта салу жұмысы басталды. Сондай-ақ мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындау орталығы да бой көтермек» делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңалықтар
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді
- Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды