Түркістанда өгей әкесі 8 жасар қызын зорлады
Фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысында өгей әкесі 8 жасар қызын зорлады. Дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін, оның жатырын алып тастауға мәжбүр болған.
«Астана» арнасының хабарлауынша, қыздың анасы жантүршігерлік оқиға 23 ақпан болғанын айтқан. Күйеуі жұбайының ауруханаға кеткенін пайдаланып, көрші ауылда бағып жүрген малын тастап, үйге келген. Ол 3-сынып оқитын өзінің өгей қызын зорлаған. Қансыраған қыз артынша мектепке барған.
«Бастапқыда «құлап қалды» деп сылтауратқанмен, артынша кешірім сұрап мойындады. Енді «есімді білмеймін» деп басқаша сөйлеп отыр. Мамаңа айтсаң, сені тұншықтырып өлтіремін, мамаңды өлтіремін де, өзіңді балалар үйіне өткізіп жіберемін деп қорқытқан. Әлі күнге дейін шошып оянады. Қызымның ана болу мүмкіндігінен айрылғанын жақында ғана сотта естідім» дейді зардап шегушінің анасы.
Қыздың анасының айтуынша, 8 жасар қызға екі рет операция жасалған. Тік ішегін бірнеше жерден тіккен дәрігерлер ақыры жатырын алып тастауға мәжбүр болған.
Шымкенттегі арнайы орталық директоры Малика Жүсіпова өрімдей қыздардың өмірін талқандайтын жағдай тым жиілеп кеткенін айтты.
«Бұл деген сұмдық жағдай ғой. Өмір бойына соттау керек. Ол ауру ғой, ауру қайталанады. 20 жылға сотталды деген, ол педофилизмге аз уақыт» дейді орталық директоры Малика Жүсіпова.
Қазіргі таңда баламен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Қыз әзірге болашағына балта шабылғанынан хабарсыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық