Түркістанда құдалыққа жиналғандар үйлеріне қайтарылды
Түркістан облысының полицейлері құдалыққа жиналған тұрғындарды үйлеріне тарқатты, деп хабарлайды Orda.kz. Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Коронавирус індетімен ауырғандар саны күн санап өсіп жатқандығы да халық арасындағы жиын-тойға тоқтау салар емес. Жағдайға байланысты Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен карантин режимі күшейтіліп, бірқатар шектеу шаралары қарастырылды. Полиция қызметкерлері мобильдік топпен бірге осы шектеулердің орындалуын қадағалауда.
Облыста адамдар көп шоғырланатын орындар бақылауға алынып, ойын-сауық орындарының талапқа сай қызмет көрсетуі тексеріліп жатыр. Осындай кезекті профилактикалық-рейдтік шаралар барысында, Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті көшелерінің бірінде орналасқан тойханада 80-нен астам адам жиналып, құдалық тойын өткізіп жатқандығы анықталды.
Осыған қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін СЭББ-ге жолданды. Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық