Түркістанда балабақшаға кеткен бүлдіршін ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті
Коллаж Orda.kz
Түркістан облысы Отырар ауданында балабақшаға аман-есен кеткен бүлдіршінді ата-анасы ауыр дене жарақатымен ауруханаға апарды. Жасы бірден енді асқан бала таңғы сағат сегізде балабақшаның тасымал көлігіне мініп кеткен.
Зардап шеккен баланың анасы Ажар Пернебектің айтуынша, он бірлерге таман балабақшадан тәрбиеші хабарласып, баланың құлап қалғанын айтқан. Ажар балабақшада баласының жамбасы сынып, басы мен денесі қатты жарақаттанғанын көрген.

Ол баласын балабақшадан алып кетіп, оны емшіге апарған. Ал тәрбиешілер жағдайға қатысты екі түрлі түсініктеме берсе керек.
«Баламның аяғы машинада қайырылып, қысылып қалды дейді. Сол кезде құлап қалғанын айтады. Біздің ойымызша, оның аяғы расымен қысылып қалған және көлік жүріп кеткен. Құлаған соң көрінбей қалады ғой. Жүргізуші түсті деп ойлаған да, сүйреген біраз жерге дейін. Басында үш жерден гематома. Бет-аузы қан жоса, сырылған түгел. Сол жақ жамбасы ісіп кеткен және салбырап тұр» дейді Ажар Пернебек.
Азанда жарақат алған бала осылайша тек кешкі алтыда ауруханаға жеткізіледі. Шұғыл ота жасалып, сынған жамбасына темір салған. Баланың жағдайы орташа ауыр. Жамбасына салынған темір 4 айдан кейін тағы бір отамен алынады.
Ажар балабақша басшылығымен бірге тәрбиешілер мен көлік жүргізушісін жауапқа тартуға ниетті.
Аудандық білім бөлімі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, баланың жай ғана құлап қалғанын алға тартты.
«Бала «Фольксваген Опель» маркалы жеңіл автокөлігінен түсіп, тәрбиешісіне қарай жүгірген кезде тасқа сүрініп құлаған. Соның салдарынан беті мен бас терісі сырылған, аяғының сан сүйегі сынған. «Болашақ» балабақшасының меңгерушісінен хабарламаны уақтылы бермегені үшін түсініктеме алынып, жауапкершілігі қаралып жатыр» дейді Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша жеңіл көліктің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық