Түркістанда 9-сынып оқушысы балалы болды

cover Фото: ашық дереккөзден

Түркістанда 9-сынып оқушысы балалы болды. Бұл туралы қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында белгілі болды.

Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ulysmedia.kz. ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында босанғанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда кәмелетке толмаған ана баласымен бірге Аналар үйінде тұрып жатыр.  Облыстық білім басқармасының мамандары оқушының ата-ана қамқорлығынсыз қалғанын да қоса айтты.

9-сынып оқушысы бұған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған.

«Оқушы 24 қаңтар күні босанған. Кәмелетке толмаған ана мемлекеттік емтихан да тапсырмақ болған. Некрасов атындағы мектеп ұжымы осы жағдайға байланысты жиын өткізіп, ұстаздар мен  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтарға ескертілді» деді Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастығы Оразкүл Қолдасова.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар