Түркістан облысының тұрғынынан 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Түркістан облысында ер адамнан 1 тоннадан астам және 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді.
Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі егістігін анықтап, жойды. Полицейлерге Жетісай ауданында жергілікті тұрғынның бірі өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егіп-өсірумен айналысады деген хабарлама түскен болатын.
Жетісайлық полицейлердің жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде үйінің ауласының артқы жағында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген жергілікті тұрғын ұсталды.
Тәртіп сақшылары күдіктінің ауласынан айғақты зат ретінде 840 түп өсіп тұрған есірткі затына ұқсас жасыл түсті өсімдікті тәркіледі. Сонымен қатар, ер адам учаскесінен кептіріп жайып қойған тағы да 289 дана сіріңке қорабына салынған есірткі затына ұқсас жасыл түсті есірткі затының жапырақтары тәркіленді.

Жетісай аудандық полиция бөлімінде аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған ірі мөлшердегі өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақты зат ретінде алынған есірткіге сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген түптердің 1 тоннадан астам «сора», ал сіріңке қорабындағы есірткі затының «марихуана» екені расталды. Ал күдікті ер адам қамауға алынды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық