Түркістан облысында жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршін табылды
ria.ru
Түркістан облысының полициясы 3 жасар бүлдіршінді тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды ORDA. редакциясы Polisia.kz ақпараттық медиа порталына сілтеме жасап.
Қызмет көрсетілетін аумақты шолу кезінде Түркістан облысы Ордабасы АПБ ПД қызметкерлері Темірлан кенті көшелерінің бірінен жоғалып кеткен кішкентай қызды тауып, оны полиция бөліміне жеткізді. Полиция қызметкерлері анықтағандай, аулада ойнап жүрген 3 жасар балақай үйден алыстап кеткен. Ол шамамен 3-4 шақырым жүріп, кері қайтар жолдан адасып қалған.
Іздестіру барысында Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері 20-30 минут ішінде қыздың анасын тауып, сәбиді дін аман күйінде анасына тапсырды. Табылған қыздың анасы тәртіп сақшыларына үлкен алғыс білдірді.
«Кешкі сағат 19:00-де менің қызым үйдің ауласында ойнап жүрген, мен өз шаруаммен үйге кірдім. Қызым ауладан көшеге шығып кетіпті. Ордабасы АПБ қызметкерлеріне үлкен рахмет. Олар менің баламды тез тапты. Жұмыстарына сәттілік тілеймін!», - деді қуанған ана.
Түркістан облысының полиция департаменті ата-аналарға балаларына мұқият болуды және қадағалады сұрайды. Бала жоғалған жағдайда, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласуыңыз керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық