Түркістан облысындағы дау: колледж бен кәсіпкерлер таласы

cover

Елдің оңтүстігінде қақтығыс өршіп тұр. Колледждер оқу орындарын бизнеске сенімді басқаруға беру салдарынан қосымша қаржыландырудан айрылды. Арадағы ақша ағыны Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен тоқтатылды. ORDA. мәселенің мән-жайын зерделеді.

2019 жылдың соңында «Dala-construction.kz» ЖШС және «Хамит» ӘКК тендер нәтижесінде индустриялық-құрылыс колледжін, жоғары аграрлық колледжді және №16 колледжді сенімгерлік басқаруға алады. Алайда, 2020 жылдың қазан айында Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы шықты. Оған сәйкес сенімді басқаруға берілген колледждер мен жоғары оқу орындары «Жас Маман» жобасына қатыса алмайды.

Яғни, оқу орындары осы жоба бойынша өздеріне бөлінген қаражатты алу мүмкіндігінен айрылды. Нәтижесінде колледждердің басшылығы кәсіпкерлерден оқу орнын басқаруға қатысудан бас тартуды талап етті. Кәсіпкерлер болса неге бұлай болғаның түсіне алар емес.

Бизнес колледждерде қандай мәселелерді шешті?

DALA компаниялар тобының иесі Болатбек Әлиевтің колледжге келгендегі ниетінің түзу болғанын айтады.

- Білім деңгейі төмен болғандықтан, жыл сайын сұранысқа ие емес жас мамандар саны артып отыр. Сондықтан мен білім жүйесіне тікелей әсер еткім келді. Мен бұл жерде бақылаусыз мәселелер бар екенін, қызметкерлер үш ауысымда жұмыс істейтінін, мемлекеттік қаражат тиімсіз жұмсалатынын, ең бастысы – бәрі бұл туралы білетінін дәлелдедім. Басшылық неге біліксіз, неге бәрін көре отырып, үндемейді, дейді кәсіпкер.

Атап айтқанда, Әлиев өзінің Facebook-тегі парақшасында түлектердің жұмысқа орналасуы, сабаққа қатысудың төмендігі және қызметкерлер санының жеткіліксіздігі туралы жазды. Мәселен, Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің мәліметінше, 2019 жылдың қорытындысы бойынша түлектердің 96% жұмысқа орналасқан. Алайда бизнесмен күндізгі бюджет бөлімінің 334 түлегінің 8-і ғана БЖЗҚ-ға ай сайын зейнетақы аударымдарын жасап отыратынын жазды.

Давно не писал про колледжи. Зато активно пишут противники передачи под управление – те, которые много чего тут...

Опубликовано Болатбеком Алиевым Воскресенье, 31 мая 2020 г.

Колледж қызметкерлері не дейді?

Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі кәсіподағы керісінше ұстанымда. Компанияның колледжден кетуі оқу орнының «Жас маман» жобасына оралуына мүмкіндік беретінін дәлелдеуге тырысуда.

Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі директорының орынбасары Игорь Харахордин сенімді басқару жылында колледжде мәселелер туындағанын, ал компанияның өзі шарттық міндеттемелерін орындамағанын мәлімдеді.

- Мемлекеттік тапсырыс ұлғаюдың орнына, екі есеге азайды. Жаңа мамандықтар ашылмай, олар да керісінше қысқарды. Бір жыл ішінде бірде-бір студент тәжірибеден өткен жоқ. Біздің студенттер өңдірісте өздеріне тиесілі, қажетті іспен айналысып отырған жоқ.

Сондай-ақ, Харахордин бір жыл ішінде оқу-өндірістік базаның не кеңейтілмегенін, не нығайтылмағанын, шеберханаларда студенттеріне үйрету-оқыту жүргізілмегенін айтты.

- Қаңтарда жабдық сатып алудың орнына бетон құйылды. Не үшін? Екі айдан кейін бұл бетонмен не болады? Оны білу үшін құрылысшы болудың қажеті жоқ, деп Харахордин наразылығын білдірді.

Компанияда жауап ретінде тәжірибе карантинге байланысты жүргізілмегенін және мемлекеттік тапсырыс мөлшерін жергілікті билік анықтайтынын айтты. Бетонға келетін болсақ, ол қыстық марка болды және өндірістік шеберханаларда дайындалып, құйылды.

Жанжалға не себеп болды?

Бизнесменнің пайымдауынша, олар проблемаларды анықтап, шешуге кіріскен бойда, 2020 жылдың күзінде сенімгерлік басқаруға берілген колледждердің «Жас маман» жобасына қатысу мүмкіндігінен айыру туралы бұйрық шықты. Әлиев заңға сәйкес, нормативтік құқықтық актінің күші қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды, ал колледж мемлекеттік болып қалатындықтан, БҒМ бұйрығы заңға қайшы келеді дегенге сенімді.

- Біреулер оқу орнын басқаруға алған компания, қаржы ресурстарын өзі табуы керек деп санайтын болған. Ресми түрде мәлімдеймін, біз мұндай міндеттемелерді алған жоқпыз және бізде министрліктегідей ресурстар жоқ. Біз колледжді басқаруға алдық. Колледжді жекешелендіру туралы әңгіме болмады. Кәсіби-техникалық оқытуда жүйелі кемшіліктерге жол берген БҒМ-нің бізді еркін қимылдатпай, қолымызды жіпсіз байлап отырғаны түсініксіз.

Колледж «Жас маман» жобасынан неге шығарылғаны әлі белгісіз. Білім және ғылым министрлігі ORDA. редакциясының ресми сауалына жауап бермеді.

Депутат Ирина Смирнова жағдай туралы өз ұстанымын білдірді.

- Бизнес-құрылымдар колледждерді студенттердің тәжірибесін қамтамасыз ету үшін басқаруға алды. Олар білікті мамандардың жоқтығынан көреді. Мен аграрлық колледжде ғылым дами бастағанын өз көзіммен көрдім. Компанияда миллионнан астам алма ағаштары бар. Үй құрылысы комбинаты жұмыс істеп тұр. Жігіттер шынымен де өз кәсіптерімен айналысуда.

Смирнованың пікірінше, бұрын Қазақстанда салық төлемейтін және қазақстандықтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін мигранттар жұмыс істеген. Ал Еңбек министрлігі мемлекеттен бір жұмыс орнын ұйымдастыру үшін алты миллион теңгеден астам қаражат талап етеді. Қазір Түркістан облысында бизнесмендер жас маманды өздері оқытып, жұмыс орнын беріп, біліктілігін арттыруға тырысады.

- Түсініксіз бұйрық шықты. Неліктен БҒМ бұл колледждерді «Жас маман» бағдарламасынан шығарғысы келеді? Олар әлі де мемлекеттік болып қалуда. Менің ойымша, бұның себебі бизнесмендер көптеген мәселелерді көріп, олар туралы ашық айтуы. Ондағы бизнесмендер техникалық білімді жақсы жаққа бұруда. Біздегі білім деңгейінің әлеммен салыстырғанда 20 жылға артта қалуы.

Бұл тәсілдерді өзгертіп, колледждерді қайтадан осы бағдарламаға қосу керек деп санаймын.

Болат Әлиев мәселе туралы ойын осындай сөздерден бастады.

- Қазір мен бұл колледжден кетуге дайынмын. Мен ол жаққа ақша табуға келген жоқпын. Мен үшін бұл проблема, мен оны шешуге тырысамын. Облыс әкімі мені қолдайды, ал төмендегілер қорқып отыр. Өйткені, бұл басқа колледждерге әсер етуі мүмкін. Министр ресми түрде біз бизнеспен және өндірушілермен жұмыс істеуіміз керек дейді, бірақ біздің тәсілді бұзуға тырысады. Сіз келген соң, ақшаны өзіңіз салуыңыз керек. Мен салық, жалақы төлеймін, құзыреттіліктермен, біліммен бөлісуге дайынмын. Бірақ колледждерді толық қамтамасыз ете алмаймын.

Бұл қақтығыстың қалай аяқталатыны белгісіз. Әзірге жағдай мынадай: ақшаны әрқайсысы (колледждер мен бизнес) өз жағына тартады. Біреулері «Жас маман» бойынша, басқалары – тендер бойынша қаражат алғысы келеді. Ал БҒМ колледждерді қолдайды. Дегенмен, жоғары трибуналардан шенеуніктер дуальды білім беруді дамыту және білім беру мекемелерінде сенімді басқаруды енгізу туралы айтады. Бұйрық кәсіпкерлерді колледжде қалу және материалдық – техникалық базаны жаңарту немесе бас тартып, колледжден кету туралы шешім қабылдауға мәжбүр етеді. Сұрақ: БҒМ істегені дұрыс па? Өз құзыреттіліктерімен бөліскісі келетін компаниялардан колледждерді техникалық қамтамасыз етуді де өзіне алуды талап етуі орынды ма?

Әлиев сияқты кәсіпкердің артында оның тәжірибесіне қарап, білім беру мекемелерімен ынтымақтасқысы келмейтін ондаған кәсіпкер тұрғанын ұмытпайық.

Екі жыл бұрын Министрлік 150 өндірістік көшбасшы сенімді басқаруға қызығушылық танытты деп мәлімдеді. Бірақ олар қызығушылықтан іс-әрекетке көшті ме? Сол кезде бес колледж сенімгерлік басқаруға берілгені белгілі болды. Тағы Оралдан төрт колледжді, СҚО-нан екі колледжді сенімді басқаруға беруге жоспарланғаны белгілі болған.

Осылайша, Қазақстанда көптеген колледждер сенімгерлік басқаруға алынған жоқ. Сондықтан Түркістан облысындағы жанжал әзірге бірінші. ORDA. оқиға дамуын бақылауда.

Авторлары: Анна Даниловская, Марина Низовкина.

Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар