Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 111 млн бөлінді
Дереккөз: Болат Өтемұратов атындағы қор
Зардап шеккен әрбір отбасына орта есеппен 600 000 теңгеден көмек көрсетілді. Атаулы көмекті Болат Өтемұратов атындағы Қор, Қазақстан Қызыл Жарты Ай және ForteBank-пен бірлесіп көрсетті.
Болат Өтемұратов атындағы Қор, Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамы және ForteBank-пен бірлесіп Түркістан облысында қатты жаңбырдан зардап шеккен отбасыларға 111 млн теңге атаулы көмек көрсетті, орта есеппен әр отбасына 600 мың теңгеден берілді.

Түркістан облысының Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында 1115 мың адам тұрған 180 үйді су басты. Атап айтқанда, Қақпақ, Сарапхана, Қызылқия, Шанақ, Қарабау, Бағыз ауылдары зардап шекті. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, орналастырылды.
— Аула мен қора су басқан кезде мен үйде 4 баламен жалғыз қалдым, бұл өте қорқынышты болды. Бастапқыда үйге су кіреді деп ойламай, көшедегі заттарды ішке кіргізе бастадық. Түнге жақын дәлізді су басты, мен құжаттар мен заттарды жинай бастадым. Бірнеше сағаттан кейін бүкіл үй суға кетті, құрғақ ештеңе қалмады, тіпті төсек-орын да. Қазір залалды бағалау үшін үйдің кеуіп кетуін күтіп отырмыз. Едендерді толығымен қайта жасау керек екені қазірдің өзінде белгілі. Түскен қаражатты соған жұмсаймыз деп ойлаймын, – дейді зардап шеккендердің бірі, Қызылқия ауылының тұрғыны Әсиягүл Үтаева.

Су басқан тағы бір Қақпақ ауылының тұрғыны Ораз Алтынбеков оқиғаның барысына тоқталды.
— Біздің отбасы үлкен, 11 адам бар. Біздің үйлердің барлығы бір учаскеде бір-біріне жақын орналасқан. Алдымен қызымның үйін су басты, ол кішкентай балаларымен бізге келді. Түнде ас үйге барсам, айнала су болып жатыр екен. Таңертең балаларды қалаға туыстарына жібердік, ал өзіміз күтіп отырдық. Бірнеше күннен бері аулаға шығу мүмкін болмады, айнала су мен лай болды. Одан кейін құтқарушылар суды сорып шығарды. Сарайымыз опырылып, үйдің қабырғалары құлады. Ең алдымен еденді алып тастаймыз, астына кептіреміз, – дейді Ораз Алтынбеков.
Құтқарушылар бүгінге дейін көшелер мен аулалардағы суды толығымен дерлік сорып үлгерді. Жергілікті тұрғындар үйлеріне қайта бастады және қираған үйлер мен ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

24 сәуірден бері Түркістан облысында толассыз жауған жаңбырдан Қазығұрт ауданындағы 4 елді мекенді, Сарыағаш ауданында 53 ауланы, 18 тұрғын үйді, 16 шаруашылық құрылысты және бір тойхананы су басқан.
Су басқан аймақтардан 50 адам эвакуацияланды. Олар туыстарының үйлеріне қоныстанды. 25 сәуір күні таңертең тұрғындардың көпшілігі үйлеріне қайтты, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігі. Су тасқыны кезінде 200-ге жуық мал өлген.

Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт