Түркістан облысында есірткі ұстап жүрген бойжеткен ұсталды
Түркістан облысының полицейлері демалыс орнында өзімен бірге есірткі затын алып жүрген жас қызды анықтады.
Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысының полицейлері есірткіге қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында бірқатар рейд өткізді. Осы тұста полицейлер Қазығұрт ауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде бойжеткенің психотропты есірткі затын тұтынып және өзімен бірге тасымалдап жүргені туралы ақпарат түсті.

Хабарды ала салысымен полицейлер жүйелі жұмыс жүргізіп, күдіктіні анықтап, тексерді.
—Тексеру барысында оның қол сөмкесінің ішінен пакетке салынып, оралған үш дана ақ-сары түсті психотроптық есірткіге ұқсас зат, екі ампула «Медакс» таблеткасы және жеті дана шприц тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда күдікті азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - - делінген хабарламада.
Тиісті сот-сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы есірткі заттарының «эфедрон» және «мефедрон» екенін анықтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық