Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адам құдықтан табылды
Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адам үш метрлік құдықтан табылды. Ол мал іздеп жүріп, құдыққа құлаған болып шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
16 наурыз күні түстен кейін жоғалып кеткен ер адамның туыстары Түркістан облысының ТЖД-не жүгінді. Туыстары 41 жастағы ер адам екі күн бұрын мал іздеуге кетіп, қайтып оралмағанын хабарлады.
Іздеуге ТЖД және полиция қызметкерлері, сондай-ақ жоғалған адамның туыстары шықты.
Біраз уақыттан кейін құтқарушылар жоғалған аумақтан екі шақырым жердегі Көккөз ауылынан ер адамды тапты. Ол үш метрлік құдыққа құлап, өз бетімен шыға алмаған.
Құтқарушылар құдыққа арқан түсіріп, ер адамды шығарып алды. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық