Түркістан облысында діни ағым атынан «төңкеріске шақырғандар» жауапқа тартылды
Түркістан облысында «төңкеріске шақырған діни ағым өкілдеріне» айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәліметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
Интернетке мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Вконтакте және Телеграм желілерінде «діни мазмұндағы тыйым салынған контентті» анықтаған. Шұғыл-іздестіру шарасы барасында жазба авторлары анықталған. Әлеуметтік желі парақшаларына аудиожазба жүктеген Жетісай ауданында тұратын екі адам болып шыққан. Хабарламада олардың «деструктивті діни ағым өкілі» екені көрсетілген. Бірақ қандай ұйым екені нақты айтылмаған.
«Сараптамаға сәйкес, аудиожазбалар мен лекциялардағы дерек конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге насихаттайды. сонымен бірге ел тұтастығына және мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге үндейді» делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Шара аясында жиналған материалдарды құқық қорғау органдары сотқа жіберді. Оларға Әкімшілік кодекстің 453-бабы («Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату») бойынша айып тағылып, әрқайсысы 58 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық