Түркістан облысында 200 адам қатысатын көкпар өтпей қалды
Түркістан облысында 200 адам қатысатын көкпар өткізуге тырысқан ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды ORDA Түркістан облыстық полиция бөлімі -не сілтеме жасап.
Карантиндік режим талаптарының бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері көкпар ойынын ұйымдастырудың тағы бір фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары екі жүзге жуық адам қатысуы тиіс ұлттық ойынды тоқтатты.
Полиция жиналғандармен карантинді бұзуға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барлық қатысушылар үйлеріне жіберілді. Ұйымдастырушы бұқаралық іс-шара ұйымдастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу, сондай-ақ гигиеналық стандарттар» бойынша айыптады.
«Мобильді топтар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуына жол бермеу мақсатында барлық адамдардың жаппай жиналатын орындарын үнемі тексеріп отырады. Алайда, бұған қарамастан, кейбір жауапсыз азаматтар мен мекеме иелері шектеуді бұзуды жалғастыруда және көптеген қонақтардың қатысуымен үйлену тойларын, отбасылық мерекелерін өткізіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді», - деді Түркістан облысының полиция бөлімі.
Полиция қызметкерлері мен жергілікті мобильді топтар өкілдері тұрғындарға карантиндік талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізетіндіктерін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық