Түркіменстанда студенттерді президенттің кітабын алуға міндеттеді
Фото: АқЖайық
Түрікменстанда президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың кітаптарын халық арасында насихаттау мен таратудың кезекті науқаны басталды.
Бұл туралы Orda.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шығарылған «Тәуелсіздік - біздің бақытымыз» кітабын Түркіменстанның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері мен студенттер сатып алуы керек.
Сонымен қатар, жекелеген аймақтар билігі президенттің шығармашылығын насихаттау үшін халықты ынталандыру шараларын қолданып жатыр. Лебап велаятында мәдениет қайраткерлеріне мемлекет басшысының жаңа туындысын мадақтайтын музыкалық шығармалар жасау тапсырылды. Жеңімпаздарға тәуелсіздіктің келесі мерейтойында табыс етілетін сыйақы уәде етілді.
Лебап университетіндегі студенттерді президенттің жаңа кітабын жатқа айтуға шақырады. Ынталандыру ретінде студенттерге 100 манат (шамамен 25 мың теңге) ақшалай сыйақы уәде етілді.
Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл кітап үш тілде - түрікмен, ағылшын және орыс тілдерінде басылып шыққан және елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған.
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі басқарған 15 жыл ішінде 60-тан астам кітап шығарды. Кітаптар әр түрлі тақырыпты қамтиды және жүйелі түрде шығарылады. Дәстүр бойынша кітап шығару мереке күндері мен оқиғаларға сәйкес келеді. Елбасының авторлығымен шығарылған кітаптардың тақырыбына жылқы шаруашылығы, ит өсіру, түрікмен дәстүрі, кілемдер, шай мен дәрілік өсімдіктер де кіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық