Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді
Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов елдің Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президент сайлауын өткізуге дайындықты бастауды тапсырды.
Бұл туралы 12 ақпанда журналистерге берген сұхбатында Түркіменстан ОСК өкілі президент Бердімұхамедов республика ОСК төрағасы Гүлмурад Мұрадовқа қандай жұмыс тапсырғаны туралы мәлімдеді.
Осыған орай Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясының өкілі мерзімінен бұрын президент сайлауы 12 наурызда өтетінін айтты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 11 ақпанда халық кеңесінің отырысында елді 15 жыл басқарып келе жатқан президент Бердімұхамедов «жастарға жол ашып», қызметін жас басшыға тапсыруға ниетті екенін жеткізген. Бердімұхамедов тек Түркіменстан Халық маслахаты (парламенттің жоғарғы палатасы) төрағасы қызметін сақтап қалмақ.
Халық мәслихатының кезектен тыс отырысында сөз алған құрметті ақсақалдар Бердімұхамедовтің шешімін қолдады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркіменстан үкіметіндегі вице-премьер қызметін 2021 жылдың шілдесінен бері қаржы-экономикалық кешенге жетекшілік етіп келген президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов атқаруда.
Бұған дейін Сердар Бердімұхамедов премьер-министрдің орынбасары, жоғарғы бақылау палатасының төрағасы қызметін атқарды. 2021 жылдың 11 ақпанында мемлекеттік қауіпсіздік кеңесіне жұмыс істеді. Бұл қызметте ол мемлекеттік басқару жүйесінде, қаржы-экономикалық және әлеуметтік секторда цифрландыру мен инновациялық технологияларды енгізуге де жауапты болды. 2020 жылдың 7 ақпаны мен 2021 жылдың 11 ақпаны аралығында Сердар Бердімұхамедов индустрия және құрылыс өндірісі министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың 17 маусымынан бастап президенттің ұлы Түркіменстанның орталық аймағы – Ахал велаяты (облысы) басшысы болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық