Түркіменстанда маска режимін сақтамағандар мақта теруге жіберіледі
Түркіменстанда маска режимін бұзған, тұрмыстық қызмет пен алименттік қарызы бар азаматтар мақта мен қызылша теруге мәжбүрлі түрде жіберіледі. Жұмыстан қашқандарды полицейлер резеңке сойылмен ұрып жатыр.
Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.
Мұндай жағдай Балқан велаятында (аймағында) орын алған. Түркіменстан президенті аймақтың кейбір аудандарында мақта теру қарқынының төмендігіне наразылығын білдірді.
Қазір барлық әскери бөлімдерден сарбаздар мен бюджеттік мекеме қызметкерлері мақта теруге жіберілген. Кейбір мемлекеттік қызметкерлер өз орнына жұмысшыларды жалдауға мәжбүр.
Жергілікті тұрғындар Балқан аймағының әкімі Таңрықұлы Атахалиев мәжбүрлі еңбекке байланысты жақын күндері өтетін үкімет отырысында мақта жинау жоспарының орындалғаны туралы есеп бергісі келетінін айтты.
Бірақ тұрғындардың айтуынша, биылғы өнім өте нашар, егістікте мақта жоқ. Аймақта жоспар 21 пайызға ғана орындалған.
Түркіменстанда мәжбүрлі еңбек мақта теру үшін ғана емес, оны өсіру үшін де қолданылады.
Еске салсақ, тамыз айында Түркімен қызметі орта мектеп мұғалімдерін де мақта теруге жіберген.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Түркіменстанды мақта өндірісінде мәжбүрлі түрде балалар еңбегін пайдаланды деп те сынға алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық