Түркіменстан барлық шетелдік БАҚ-қа тосқауыл қойды
Сурет: bk55.ru
Ең соңғы болып ресейлік телеарналар мен сайттар бұғатталды. Бұған дейін Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстанның басылымдарына қолжетімділік жабылған болатын.
— Ресейдегі барлық жаңалықтар сайттары: ИноСМИ, РИА Новости, РБК, ТАСС, қандай да бір жаңалықтар бар телекомпаниялардың сайттарына тыйым салынды. Бұл кіруге болатын соңғы шетелдік жаңалықтар сайттары еді, енді олар да жабылды. Сайтқа да, мобильді қосымшалар арқылы да кіруге тыйым салынған. Әзірбайжан сайттары да ашылмаған. Бұрын да басқа жаңалықтарға рұқсат болмағанын ескерсек, ендігі жерде барлық ақпарат ағынын бітелді. Қазақстан мен Қырғызстан жаңалықтарына бұдан да ертерек тосқауыл қойылған болатын, - деп хабарлайды Азаттық радиосының сол елдегі тілшісі.
Сонымен қатар елдегі шетелдік банктердің сайттарына, төлем жүйелеріне кіру, AppStore арқылы музыка жүктеу де бұғатталған. Барлық VPN қызметтеріне қол жеткізу толығымен дерлік бұғатталған.
Түркіменстан билігі интернетке кіруді үнемі шектеп, VPN арқылы сайттарды қарауға тыйым салады. Тыйымды бұзғандар жауап алуға шақырылып, айыппұл арқалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық