Түркіменстан ардагерлеріне Жеңіс күні 10 доллар төленеді
hronikatm.com
Президент атынан Түркіменстан ардагерлерінің әрқайсысына 10 доллардан беріледі, бұл Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда ондаған және жүздеген есе аз.
Hronikatm хабарлауынша, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ,беріленетін төлем мөлшері 6 мамырда Түркіменстан Министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды. Президент Сердар Бердімұхамедов Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес облыстардың басшылығы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ардагерлер мен соғыста қаза тапқан жауынгердің жесірлеріне 200 манат (мемлекеттік бағам бойынша 57,1 доллар немесе «қара базар» бағамы бойынша 10 доллар) және бағалы сыйлықтар береді.
Басқа жылдармен салыстырғанда төлем сомасының мүлде өзгермегені белгілі. Сондай-ақ, елде қанша екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендер бар екені белгісіз. 2018 жылдан бері 9 мамыр Түркіменстанда демалыс күні емес.
Ал Орталық Азияның басқа елдерінде Жеңіс күніне төленетін төлем мөлшері әлдеқайда көп.
Мысалы, Қазақстанда төлем мөлшері алушының тұрғылықты жері мен оның мәртебесіне байланысты. Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұратын ардагерлердің әрқайсысына 1 миллион теңгеден (2229 доллар), Ақтөбеде 2 миллион теңгеден (4459 доллар) беріледі. Елімізде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 387 адам бар.
Қырғызстанда соғыс арадгерлеріне берілетін төлем мөлшері 100 000 сом (1209 доллар) болды. Онда 107 ардагер бар.
Өзбекстанда соғыс ардагерлеріне, концлагерь тұтқындарына және Ленинград блокадасында аман қалғандарға 15 миллион сум (1339 доллар) мен бағалы сыйлықтар беріледі. Елде 236 ҰОС ардагері тұрады.
Тәжікстанда, атап айтқанда Душанбеде ардагерлер 3000 сомони (240 доллар), Соғды облысында 480 доллар алады. Елде бар болғаны 59 ардагер бар.
Ресейде 20 320 ардагер, олардың әрқайсысына Жеңіс күні 10 000 рубльден (138 доллар) төленеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық