Түркияда су тасқыны салдарынан 57 адам қаза тапты
Түркияның Қара теңіз аймағындағы су тасқыны мен селден мерт болғандар саны 57 адамға жетті.
Бұл туралы сенбіде Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәлімет бойынша солтүстіктегі Кастамону провинциясында 36 адам, Синопта 7 адам, Бартинде бір жергілікті тұрғын қаза болды. AFAD барлық тиісті қызметтердің қызметкерлері оқиға орнында табылып, жергілікті адамдарды эвакуациялауды, іздестіруді және құтқаруды жалғастырып жатыр.
Президент Режеп Тайып Ердоған да кеше елдің солтүстігіндегі табиғи апат аймағын барып көрді. Ол елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі табиғи апаттардың салдарын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына уәде бірді.
Нөсерлі жауын Қара теңіздің арғы жағына жетіп, Ресейдің оңтүстік аудандарына да су тасқынын әкелген. Краснодар өлкесінің әкімшілігі 14 тамыз күні 1400 үйдің шайылып кеткенін мәлімдеді. Өлкенің төтенше жағдай басқармасы 1530 адамның эвакуацияланғанын хабарлады. Апаттан ең қатты зардап шеккен аймақ - Қара теңіз бойындағы Анапа курорты. Билік өкілдері жауынның әлі екі күн жауатынын айтады.
Түркияның солтүстігінде 11 тамыздағы толассыз жауған жаңбыр сел, көшкін және су тасқынына әкелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық