Түркияда өрттен кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алапат өрттен кейін аумақтарды қалпына келтіру үшін Түркияның әр тұрғынына үш көшеттен отырғызуға уәде берді.
Түркияның оңтүстігінде 12 орман өртін сөндіру жалғасуда. Оған Анталья мен Мугла курорттық провинцияларындағы тоғыз өрт кіреді.
— Біз еліміздің әрбір тұрғынына үш көшет отырғызамыз. Барлығы 252 миллион көшет отырғызылады, - деді Түркия президенті.
Сонымен қатар ол өртенген учаскелерде құрылысқа рұқсат бермейтіндігін ескертті.
Биліктің мәліметіне қарағанда шілденің аяғынан бастап Түркияның 44 провинциясында болған 208 өрттің 196 ошағы оқшауланған. Елдегі денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Коджа апаттан қаза тапқандар 8, зардап шеккендердің саны 864 адамға дейін жеткенін айтты.
Осы жағдайға байланысты Түркияда 6 адам орман өртіне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бодрумда тағы бірнеше адам көліктен темекі тұқылдарын тастағаны үшін ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық