Түркияда Ердоғанға қастандық жасалды
Түркия қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері президент Режеп Тайып Ердоған жақтастарының митингі өткен Сиирт қаласында жарылғыш затты жойды.
CNN Turk атап өткендей, митингте қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкері қашықтан басқару бомбасын тауып алды. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде. Түркия президентіне қастандық жасамақ болған адамдар іздестірілуде.
– Мардинде жұмыс істейтін полиция қызметкерінің көлігінің астына жарылғыш зат қойылды. Сииртке келгенде оны жару жоспары болған. Олар митингті бұзғысы келді. Бейбіт ортаны бұзуға тырысқандар бар, – деді билеуші «Әділет және даму» партия төрағасының орынбасары Хамза Даг CNN Turk эфирінде.
Сиирт елдің оңтүстік-шығысында орналасқан. Түркия президенті өз жақтастарының алдында сөз сөйлеу үшін осы қалаға келді. Қастандық жасамақ болған күдіктілерді жедел іздестіру шаралары басталды.
Қараша айының соңында Түркияда экономикалық жағдайдың нашарлауы аясында наразылық білдірушілер мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыстар басталғаны туралы хабарланды.
Түркияда Ердоғанның жақтаушылары да, оның қарсыластары да митингі өткізеді. Осылайша, елдің оңтүстігіндегі Мерсин қаласында мыңдаған азамат ұлттық валюта бағамының құлдырауы аясында президенттің отставкасын талап етуге шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық