Түркияда Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітаптың тұсауы кесілді
Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы, әскери стратег және белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 111 жылдығына орай түрік ғалымы Ашур Өздемірдің «Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Informburo хабарлағандай, жиында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы екенін және еліміздің егемендігін алғаш болып мойындаған бауырлас Түркияның орнының ерекше екеніне назар аударды.
Осыған байланысты Елші Түркияда көптеген іс-шаралардың өткізілгенін еске салып, бүгінгі іс-шараның да тәуелсіздік мерейтойына және қазақтың біртуар батыры әрі жазушысы Бауыржан Момышұлының рухына тағзым және оның 111 жылдығына тарту екенін айтты.
Елші Момышұлының батырлығына, шебер қолбасшылығына тоқталды.
– Момышұлы Кеңес одағы азаматы және Қызыл армия қолбасшысы. Дегенмен де ол өмір бойы ұлттық болмысын сақтап, ұлттық рухын биік көтеріп өткен өз халқының бел баласы. Сондықтан ол сол кезеңде жаппай қолданылатын -ов жұрнағын тегіне алмай, ұлы сөзін қолданып, «Момышұлы» тегін мақтанышпен алып жүрген нағыз қаһарман, – деп атап өтті.
Еске салсақ, Ашур Өздемірдің қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениетіне байланысты мақалалары ғылыми журналдар мен баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Сонымен қатар, Өздемірдің Абай Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Шерхан Мұртаза сияқты белгілі жазушылардың шығармалары туралы зерттеп жүрген ғалым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық