Түркияда алданып қалған қазақ әйелдері көмек сұрайды
Фото: almaty.tv
Қазақстандық инста-жұлдыздар тауар сатып алып, бизнес жасамақ болған әйелдерді алдап кетті.
Бұл туралы Orda.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағасы 700 мың теңге туратын курсты сатып алған әйелдер Стамбулға барған. Олардың айтуынша, ақша табуды үйретеміз деген адамдар Түркиядан тауар алып-сату ережесін үйретпек түгілі, қол жұмсап, қоқан-лоқы көрсетеді екен.
Алданған адамдардың бірі – Ақгүл Мұратқызы. Ол Стамбулда тиімді сауда жасау жолдарын үйрететін бір айлық курсын сатып алған. Құны – 700 мың теңге. Төленген ақшаға сай білім алмағанын айтқан Ақгүл тұтынушының алдында қарыз болғанын жеткізді. Сондай-ақ, демалатын орын, жататын жер адам шошырлық жағдайда екенін айтты.
– Оны ешкімнің басына бермесін. Шетелге келіп, ақша бересің, ал сені ұрып, телефоныңды тартып алады. Сосын маған «Ұлдананың мінезі жаман, сіз барып кешірім сұраңыз» дейді. Мен не істерімді білмей, екі балам үшін кешірім сұраймын. Кешірім сұрадым, оны өзіне басқаша аударып алған, – деді Ақгүл Мұратқызы.
Бұл бірінші жағдай емес. Осындай оқиғаларға қатысты заңгер Айгүл Орынбек өз ойын айтты.
– Олар сол жақтан депортация жасасын, қайтадан сол елге барып, қазақ азаматтарын алдамасын деген ниетпен біз ол жаққа да арыз түсіріп жатырмыз. Себебі олар Динара Қосжанды, Ұлдана Ерқасымды депортацияласа, олар 5-6 жыл ол жаққа кіре алмайды, – деді ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық