Түркия ресейлік әскери кемелерге Қара теңізге өтуге тыйым салды
Түркия билігі ресейлік әскери кемелердің Қара теңіз бұғаздары арқылы өтуіне тыйым салды. Бұл туралы Facebook желісінде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Осы аптада Украинаның Анкарадағы елшісі Василий Бондарь Түркия үкіметінен Ресей кемелері үшін Босфор мен Дарданелді жабуды сұрады. Ол «Ресей әскери кемелерінің Украина жағалауында болуы ел үшін қауіпті» деп атап көрсетті.
Бұған дейін Ресей басқа флоттардан алты ірі десанттық корабльді ауыстырып, Қара теңізде айтарлықтай әскери-теңіз тобын шоғырландырды.
Монтре конвенциясына сәйкес, әскери қақтығыс болған жағдайда Түркия «дұшпандық ниеттегі елдердің» әскери кемелері үшін бұғаздарды жаба алады.
Ал Cumhuriyet газетінің хабарлауынша, Түркия ресейлік әскери кемелердің түрік бұғаздары мен Босфор бұғаздары арқылы өтуіне шектеу қоймады.
Еске салсақ, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО-ның Украинаға қатысты жағдайда тиісті шешім қабылдамағанын және батыстың оған деген көзқарасы достықтан алшақ екенін айтқан болатын.
– Батыс, Еуроодақ елдері және НАТО Украинаға қатысты табандылық көрсете алмады. Барлығы оған кеңес береді. Батыстың Украинаға деген көзқарасын достық немесе ынтымақтастық деп атауға келмейді, – деді президент Ердоған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық