Түркия орман өрті үшін өлім жазасын қайтаруы мүмкін
Cурет: ашық дереккөзден
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған MK.ru сайтына ормандарды өртегені үшін жаза ретінде өлім жазасын қайтару мүмкіндігін талқылау қажеттігін мәлімдеді.
Мугла провинциясының орман шаруашылығы басқармасы осы аптада Мармаристе үлкен орман өртінің шыққанын мәлімдеді. Желдің екпіні күшейіп, өрт аймақтың барлық аумағына таралуда. Сәрсенбі күні президент Ердоған Мармаристе тікұшақпен тексеріс жасады. Бұл жағдайды түрік билігі диверсия, яғни қасақана өртеу деп күдіктенген.
Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Мармаристе орман өртіне қатысты қасақана әрекет жасағанын мойындаған азаматтың ұсталғанын айтты. «Коммерциялық дауға байланысты ашуланған қаскөй орманды өртеп жіберген» деді министр.
— Біз бір нәрсені түсінуіміз керек: өлім жазасы туралы шешім қабылдау керек. Жаза қажет пе? Осындай өрескел жағдайларға бұл жаза қарастырылуы керек пе? Бұл туралы егжей-тегжейлі ойлану керек, - деді Ердоған мәселені талқылауға шақырып.
Түркияда республиканың Еуропалық Одаққа кіруі үшін қажетті шарттарға байланысты 2004 жылдың мамырында өлім жазасы алынып тасталды. Ердоған өлім жазасын Түркияның әділет жүйесіне қайтару қажеттілігі туралы бірнеше рет айтты, ол оның жойылуын өрескел қателік деп санайды.
Еске салайық, 2021 жылы 13 провинциядағы ауқымды орман өрттерінен туристік маусым қызып тұрған кезде түріктің көптеген танымал курорттары өрт пен түтінге оранған болатын. Кей жерлерде жалын тұрғын үйлер мен қонақ үйлерге жақындап, туристер мен жергілікті тұрғындар эвакуацияланды. Құзырлы органдар оны өрт қою салдарынан болған деп күдіктенген. Кейін Түркиядағы өртке жауапкершілікті лаңкестік ұйым өз мойнына алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық