Түркия «минаға ұқсас» зат үшін Босфор бұғазын жауып тастады
Босфор бұғазының жағалау аймағында «минаға ұқсайтын» нысан табылды, деп хабарлады Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Twitter-де.
Оған елдің су астындағы қорғаныс күштері жіберілді. Бұғаз арқылы көлік қозғалысы жабылды.
«2022 жылдың 26 наурызында азаматтық коммерциялық кеме Босфор бұғазының жағалау аймағында минаға ұқсас нысанды анықтағаннан кейін су асты қорғаныс топтары (SAS) оқиға орнына дереу жіберілді» делінген министрлік хабарламасында.
Түркияның су асты қорғаныс күштері нысанды қоршауға алып, оны залалсыздандыру шараларын қабылдады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Түркияның Star басылымы елдің жағалау күзеті бас басқармасына сілтеме жасап, Босфор бұғазының екі бағытта да кеме қозғалысы үшін жабық екенін хабарлады.
Босфор және Дарданелл бұғаздары Мәрмәр теңізімен бірге Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстырады. Бұл Қара теңізден мұхитқа апаратын жалғыз жол. Бұғаздың екі жағы да Түркияның бақылауында. 1 наурызда Анкара барлық шет мемлекеттерге әскери кемелердің Босфор мен Дарданел арқылы өтуіне тыйым салынғаны туралы ескерткен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық