Түркия: Біз ешбір елдің шекаралық аймағы немесе босқындар лагері болмаймыз
Сурет: TRT
Түркия Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі басшысының Түркиямен босқындар мәселесі бойынша келісім жасау талабы туралы мәлімдемесіне жауап берді.
Түркия Сыртқы істер министрлігі Анкара үшінші елдердің халықаралық міндеттемелерін қабылдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu.
Бір күн бұрын Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Руандадан үлгі ала отырып, Түркиядан ол жаққа заңсыз мигранттарды жіберу туралы келісімді талап ететінін айтты. Бұл мәлімдемеге Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, Елші Танжу Білгіш жауап берді.
— Біз барлық елдерді халықаралық міндеттемелерін орындауға және миграцияға қатысты бірдей жауапкершілік алуға шақырамыз, - деп түсіндірді Танжу Білгіш.
Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сегіз жыл ішінде әлемдегі ең көп босқынды қабылдаған Түркияның үшінші елдердің өтініші бойынша қосымша ауыртпалық алуы, бұдан былай босқындарды қабылдауы мүмкін емес екенін айтты. Оның айтуынша, бұл баспана құқығына қатысты халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін көзқарас.
— Түркия босқындар лагері немесе ешбір елдің шекаралық аймағы болып қалмайды. Бұдан былай үшінші елдердің халықаралық міндеттемелерін де мойнына алмайды. Сонымен қатар, өткен жылы ауған босқындары туралы осындай жаңалықтардан кейін біз өз ұстанымымызды қоғаммен бөліскен болатынбыз. Біз барлық елдерді халықаралық міндеттемелерін орындауға және миграцияға қатысты бірдей жауапкершілікті алуға шақырамыз, - деді Танжу Білгіш өз мәлімдемесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық