«Түркия азаматтығын алуға өтініш берді» деген Бекболат Тілеухан паспортын көрсетті
Фото: скриншот
Түркия азаматтығын алуға өтініш берді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқан экс-депутат Бекболат Тілеухан Стамбұлдағы Қазақстан елшілігіне барып, өзінің төлқұжатын көрсетті. Түркия азаматтығын алмағанын дәлелдемек болған Бекболат қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады.
– Көк паспортым қолымда. Жұмысым қалпында. Ыстамбұлда жүріп жатырмын, – деді қоғам қайраткері.
Еске салайық, желіде тараған ақпаратты Бекболат Тілеухан жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтқан.
– Ақылға сыймайтын нәрсе, ел нанбайтын шығар деп ойладым. Сөйтсем, «басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріпті» дегенге ел иланып жатыр. Кәдімгідей нанып жатыр, ақылға сыймайтын, қисынға томпақ нәрсеге нанып жатыр. Менің Данияр, Олжас, Қуат сияқты бауырларым, мен үшін аяулы болған, аңғал, батыр жігіттер ғой, нанғыш. Солар нанып, шашып пост жазғанын көрген кезде бүйтіп мәлімдеме жасамаса болмайтынына көзім жетіп айтып отырмын. Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Қазақстанның көк паспортынан айрылатын ойым жоқ. Қадірлі бауырлар! Сайқал саясаткерлердің қисынсыз жаласына сенбеңіздер! Мен ешқашан бөтен елдің азаматтығына өтініш берген емеспін, – деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық