Түрікменстандағы алабайға деген құрмет кей елде адамға жасалмайды
Түрікменстанның Мары қаласында алабай итін асыраушыларға президенттің арнайы тапсырмасымен ұн таратады. Бұл туралы Centralasian.org.-қа сілтеме жасап Orda.kz. хабарлады.
Ел президенті пәрменімен иттің алабай тұқымын асыраушылар ай сайын жеті келі ұн алып отырады. Ол үшін тұрғындар жергілікті мемлекеттік дүкендерге ветеринарлық кітапшасын өткізуі тиіс.
Мәліметті мемлекеттік дүкендердің қызметкерлері растады. Мары билігі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаудан бас тартқан.

Алабай итін асыраушылар осы тізім арқылы билік ел аумағында қанша алабай барын анықтағысы келеді деп күдіктенеді. Бір қызығы, халық арасында билік алабайларын тартып ала ма деп қауіптенетіндер де бар екен.
Иттің бұл тұқымын қастерлеу жағынан түрікменбашы алдына жан салар емес. Солардың бірегейіне тоқталып өтейік. Түрікменстан президенті 2020 жылы алабайға арнап түрікмендер астанасының ең көрнекті жерінен 15 метрлік алтын ескерткіш ашқаны белгілі.
Түрікмендер басшысының иттің осы тұқымына арнап шығарған кітабы да бар.
Сонымен қатар алабайды халықтық мақтаныш ретінде Ресей президенті Владимир Путинге де зор құрметпен сыйға тартқан болатын.

Биыл Түрікменстан парламенті «Еңбегі сіңген ит асыраушы» және «Халықтық ит асыраушы» деген медальмен марапаттау жөнінде заң жобасын да қабылдады.

Гурбангұлы Бердымұхамедов алабай тұқымын зерттеуші ретінде танымал, ал оның ұлы Сердар халықаралық «түрікмен алабайы» қауымдастығын басқарады. Сәуір айының соңында бұл елде «алабай күні» мерекесі тойланады.
Елде түрікмен алабайының мерекесі тойланады, сұлулық байқаулары ұйымдастырылады, «Ең айбарлы түрікмен алабайы» атағы да бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық