Түрікменстан балабақшаларына түрік мультфильмдері көрсетілмейді
Түрікменстандағы балабақшаларда түрік мультфильмдері мен бағдарламаларын көрсетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Chronicles of Turkmenistan порталы. Мұндай шешім балалардың түрікше сөйлей бастағанына байланысты қабылданған.
Ақпан айында Лебап аймағының бірнеше ауданындағы балабақшаларға жүргізілген тексеріс нәтижелерінде, теледидардан түрік тіліндегі балалар бағдарламалары мен мультфильмдерінің жиі көрсетілетіндігі анықталды. Түрікмен және түрік тілдері ұқсас болғандықтан, балалар естіген сөздерді тез жаттап, түрік тілінде сөйлей бастаған.
Тексеру нәтижелері бойынша мектепке дейінгі мекемелерде түрік арналарына тыйым салу туралы шешім қабылданды. Учаскелік полиция қызметкерлеріне нұсқаулықтың орындалуын аптасына 2-3 рет тексеру тапсырылды. Егер телеарна қосылса, кінәлі - менеджер, тәрбиеші немесе күтуші жұмыстан шығарылуы мүмкін.
Сондай-ақ, балабақша директорларына балалардың түрік арналарын қарау уақытын азайту үшін ата-аналармен сұхбат жүргізу тапсырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық