Тұрар Рысқұлов: Сталин қателеседі!
Құрметті оқырман, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, қазақ елінің егемендігі үшін күрескен қайраткерлерлердің өміріне, тұлғасына қатысты тұрақты түрде ақпарат беріп отырамыз. Берген ақпаратымыз нақты әрі дәйекті болуы үшін тарихи құжаттар негізінде құрастырылып жазылған еңбектерді пайдаланамыз. Алаштанушы-ғалым, Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным-Алаш» атты еңбегінен оқырманға қызықты біраз деректер таптық. Тарихи тұлғаларға қатысты үзіндіні әр апта сайын беріп отыруды жөн көрдік.
Қылышынан қан тамған Кеңес Одағы талай ұлттың, талай тұлғаның тағдырын өксітті. Сол қиын-қыстау заманда, түрлі нәубетті қолдан жасап, талай жанның тағдырын тұл еткен қандықол қасапшының дәл өзі Сталинге қарсы уәж айту қиын еді. Десе де, қазақ арасынан бас көтеріп, ол орнатқан жүйеге қарсы шыққан арыстарымыз жетерлік.
«1923 жылдың 9-12 маусым аралығында РК(б)П орталық комитетінің Ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерімен өткізген төртінші кеңесінде сөз сөйлеген. М. Сұлтанғалиевті ұлтшыл ретінде әшкерелеуге арналған бұл кеңесте Т. Рысқұловқа айып тағылған болатын. Ол:
- Менің өз көзқарасым бар. Мен ешқашанда Сұлтанғалиевтің көзқарасының ырқымен жүргенім жоқ. Мұндайға бару үшін мен тым турашыл адаммын, мен өз көзқарасымды жасырмаймын. Және бұл іске менің қатысым бар деген Сталин жолдастың мәлімдемесі дұрыс емес. Сталин қателеседі! - деп тура көсемнің бетіне қарап айтты.
Сонда Сталин: «Алла жар болсын», - депті орнында отырып».
«Ұраным - Алаш», Тұрсын Жұртбай
Ықшамдаған Сабина Зәкіржанқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық