Тұрғын үй салуға ниетті кәсіпкер: керек болса, бейітті жермен жексен етемін
Фото: arasha.kz
Алматы облысындағы Райымбек ауылдық округінің тұрғындары зират аумағындағы құрылысқа наразылық акциясын өткізді.
Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындардың айтуынша, мола ауласы жанындағы жердің иесі пайда болған. Ол сол жерге тұрғын үйлер салуды көздеп отыр.
– Олар осында үй салуды қолға алмақшы. Ал мұндай бейіттің айналасында санитарлық аймақ сақталуы керек. Бұл қоғамдық орынға жатады. Әр жағынан 300 метр бос жер болуы керек. Қалайша бұл жерлер сатылып кетті? - дейді Жаңатұрмыс ауылының ақсақалы Халид Хасанов.

Жаңа қожайын зиратқа жақын нысан салуға ниетті. Қазірдің өзінде қазба жұмыстарын бастап кетті. Түнде жұмыс істейді. Ауыл адамдары наразылық білдірген кезде, кәсіпкер «жолымды бөгесеңдер, бейітті жермен жексен етемін» деп қорқытқан.
– Бұл басып алу. Жер кеңес дәуірінде зиратқа бөлінген. Территория қоршалған. Ал олар болса, келіп, қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түнде ел-жұрт ұйықтайтын кезде жұмыс істейді. Не деді десеңізші... «Сіздің шаруаңыз болмасын. Бейітті жермен жексен етеміз» дейді. Осыдан кейін өзіңді қалай ұстауға болады? - деді ашулы жергілікті тұрғын Ғалымжан Сырлыбаев.

Белгілі болғандай, зират аумағы несиеге кепіл ретінде аукционда сатылған. Бірақ ауыл тұрғындары бұл жерді сату заңсыз дейді.
Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Садық Майденов «Біз қазір мәйітті пешке өртейміз бе, не істейміз? Шенеуніктер ақшаға құнығып кеткен. Олар заңнан да, Құдайдан да қорықпайды» деді.

Оқиға орнына келген шенеуніктер жердің қалай кепілге қойылғанын және қазір кімге тиесілі екеніне жауап бере алмады. Олар мәселені шешуге уәде берді.
– Енді біз тұрғындардың өтініштерін қабылдаймыз, оларды кадастр бөліміне және жер комитетіне жібереміз. Ал бізге олардың жер учаскесі мен қабірдің шекарасы орналасқан жер телімін түсіру тапсырылады, - деді Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаев.

Шенеуніктердің айтуынша, комиссия бір аптада құрылады. Олар жергілікті тұрғындардан жағдайды ушықтырмауды сұрады. Ал ауыл тұрғындары өмірден озған жақындарын жермен жексен еткісі келетін кәсіпкердің бульдозерінің астына жатуға дайын екендерін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық