Тәліптер түрмеде отырғандарды босатты, олар прокурорларды өлтіре бастаған
Ауғанстанды басып алған тәліптер* түрмеде отырған қылмыскерлерді босатып жіберді. Оларды темір торға тоғытқан прокурорлар өз өмірі үшін алаңдап, тығылып жүр.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Бас сауғалап жүрген экс-прокурорлардың айтуынша, абақтыдан шыққандар олардан кек алуға тырысуы мүмкін.
Азаттық радиосының Ауған қызметіне Ауғанстандағы адвокаттар түрмедегі тұтқындарды босатқан күні үш прокурор өлтірілгенін жеткізген. Темір тордан шыққандардың қатарында адам өлтіргендер мен есірткі саудасымен айналысқандар да бар.
Талибан* қозғалысы тұтқындар ешкімнен кек алмайды деп мәлімдеген. Бірақ бұрынғы шенеуніктердің өліміне қатысты тәліптер ешқандай пікір білдірмеді.
Кабулда осыған дейін прокурор болып жұмыс істеген Жәмила (аты-жөні өзгертілген) есімді әйел қазір елден кетуге әрекет жасап жатқанын айтады.
– Ақпарат құралдары біздің үнімізді әлемге жеткізсе екен деймін. Халықаралық қауымдастық бізді шығарып алуға қол ұшын беруі керек, - дейді ол.
Ұлыбритания бірқатар сот және прокуратура қызметкерлерін Ауғанстаннан шығарып алған.
Талибан* - Қазақстанда тыйым салынған экстремисттік ұйым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық