Түбіртек берілмегендігін хабарлап, 1000 теңге сыйақы ала аласыз
Қаржы министрлігі түбіртек берілмегендігі туралы хабарлағандарға сыйақы төлеу туралы ережелердің жобасын жариялады, деп хабарлайды ORDA.
Құжатқа сәйкес, осындай фактіні хабарлаған адам бұзушылықты дәлелдегеннен әрбір адамға 1000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Хабар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына мобильді қосымша немесе кез келген нысандағы қосымша арқылы жіберілуі тиіс.
Онда келесі мәліметтер болуы керек:
- бұзушылықты растайтын бейнежазба;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жеке кәсіпорынды анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат: оның ішінде мекенжайы, салық салуға байланысты объектінің атауы (бар болса), бутиктің нөмірі және сауда үйіндегі орналасқан қабаты мен реттік саны (бар болса);
- өтініш берушінің аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі.
Осы талаптарға сай келмейтін хабарламалар қарастырылмайтындығы ескертіледі. Құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес, (кассалық аппараттың тәртібін бұзу) жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады. Осы бап бойынша алғаш ескерту жасалады, ал егер факт қайталанса - айыппұл салынады.
Құжатта жобаға 2021 жылға мемлекеттік бюджеттен 26 645 000 (63 мың доллардан астам) теңге қажет болады делінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық