Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің санкциясына жауап берді
Фото: Orda.kz / Бек Байтас
Қазақстандағы жағдайға қатысты Еуропарламент қабылдаған санкцияға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
«ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған санкциясы біржақты тұжырымдар мен деректерге негізделгенін мәлімдейді. Қазақстандағы қасіретті қаңтар оқиғасына объективті бағаның жоқтығы алаңдаушылық туғызады. Қазақстан басшылығының бастамасымен жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжаттар қабылданбауы керек деп ойлаймыз. Оның нәтижелері халықаралық қауымдастыққа қолжетімді болатынын еске саламыз» деді Сыртқы істер министрлігі.
ҚР СІМ мәлімдемесінде санкция жобасын әзірлеу кезінде Еуропарламент депутаттары мен оның құрамындағы саяси топтар қазақстандық шенеуніктерден түсініктемелер сұрамағаны баса айтылған. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен мемлекеттік органдармен тікелей диалог жүргізіп отырған азаматтық қоғам институттары да құжат авторларының олармен байланыспағанын хабарлайды.
«Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жарияланымдарында құқық қорғау органдарының террористік, экстремистік және қылмыстық топтарға қарсы заңды әрекеттерін сипаттайтын елеулі алшақтықтар мен дәлсіздіктердің болуы туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұған дейін айтылған ұстанымы назардан тыс қалмады. Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің және беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі, гуманитарлық құқық саласындағы көпжақты келісімдердің қатысушысы бола отырып, заңның үстемдігі мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы міндеттемелерді сақтауға толықтай бейілді» деді ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Еуропалық Одақтың барлық институттарымен өзара түсіністік пен өзара құрмет қағидаттары негізінде сындарлы өзара іс-қимыл жасауға бағытталғанын мәлімдеді.
«Еуропарламенттің бұл қарарды асығыс қабылдауы ҚР президентінің демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған саяси реформаларын қабылдау және жүзеге асыру үдерісіне нұқсан келтіреді және бүлдіреді» деп түсіндірді СІМ.
Еске салсақ, бір күн бұрын Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы оқиғаларға қатысты санкция қабылдады. Еуропарламент биылғы жылдың қаңтарындағы наразылық шерулері кезінде орын алған заңбұзушылықтар үшін жауапты кейбір қазақстандық шенеуніктерге санкция салуды сұрады. Сондай-ақ қарарда жағдайды бағалау үшін БҰҰ мен ЕҚЫҰ сарапшыларын Қазақстанға шақыру қажеттігі де айтылған.
Еуропалық парламенттің қарарлары декларативті және міндетті емес, бірақ ЕО институттары мен Еуропа елдері оларды ескереді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық