Сыртқы істер министрі Зюгановтың арандатушылық мәлімдемесіне ресми жауап бермейді
Коллаж Orda.kz
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюгановтың мәлімдемесіне байланысты ресми наразылық білдірмейді.
Еске салсақ, Ресей Федерациясы мемлекеттік Думасының депутаты Геннадий Зюганов Қазақстанда орыстардың барлығын «жою» үшін тоғыз америкалық биологиялық зертхана орналасқан деп мәлімдеді.
Бұл депутаттың Қазақстанға тағылған алғашқы айыбы емес. Қаңтар айындағы сөзінде ол Қазақстанның «русофобиялық» саясатын сынға алды.
Ол 2022 жылдың 11 қаңтарында: «Бүкіл Солтүстік Қазақстан негізінен орыс болып қала береді, ал Оңтүстік Қазақстанда енді орыс тілін оқытпайды» деген болатын.
Ол Ресей үкіметін орыс тілді халықты ұлттық озбырлықтан қорғауға шақырды. 2022 жылдың наурыз айының басында ол бұрынғы айтқан сөздерін тағы да қайталады.
Сыртқы істер министрінің айтуынша, видео екі айдан кейін желіде қызу талқыға түскен. Зюгановтың Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде айтқан сөздері Украина мен Ресей арасындағы жағдай шиеленіскен тұста қайта желі кезіп кеткен.
«Қарулы әскери қақтығыс жаһандық ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және бұл біздің Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де қамтитынын түсіну керек.
Зюганов өзін қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танытатын Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының жетекшісі. Оппозиция, өздеріңіз білетіндей, әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымынан ерекшеленетін, тіпті қайшы келетін пікірді ұстанады. Оның үстіне Зюгановтың сөзін Ресейдің бірде-бір арнасы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені расталды» деді Мұхтар Тілеуберді.
Бұған дейін Қазақстан мәжілісінің вице-спикері Павел Казанцев пен мәжілістің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Айгүл Құспан жауап берген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық