Сыртқы істер министрі Қазақстанның «деназификациясы» туралы мәлімдемеге түсініктеме беруден бас тартты
Фото: Ашық дереккөзден
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәскеулік депутаттың Қазақстанды Украинамен бірге деназификация аймақтарына қосу керек деген сөзіне қатысты пікір білдірмейтінін айтты.
Бүгін үкімет отырысында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді журналистерге оның ведомствосы мәскеулік депутат Сергей Савостьяновтың «Қазақстанды деназияландыру» туралы ұсынысына қатысты ресми мәлімдеме жасамайтынын айтты.
«Егер мәлімдеме федералды деңгейде жасалса, Сыртқы істер министрлігі жауап береді. Мәселен, Зюгановтың сөзіне біздің депутаттар өз бағасын берді. Бірақ Мәскеу қалалық кеңесіне біздің саясаткерлер, блогерлер және сарапшылар жауап беруі керек сияқты. Мен министр ретінде депутат Севастьяновтың алдында жауап берейін бе? Деназификация дегеніміз не, бізде мұндай процестер бар ма, соны қарау керек. Менің пікірімше ондай жоқ. Мүмкін бұл арандатушылық шығар» деді Тілеуберді журналистерге.
Еске салсақ, өткен аптада желіде мәскеулік депутат Сергей Савостьяновтың мәлімдемесі жағымсыз пікірлерге ие болды. Ол «Деназификация және демилитаризация аймағына Украинадан басқа Балтық елдері, Польша, Молдова және Қазақстанды қосуды» ұсынатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық