«Сыныптас қызды қорғағысы келген»: Қаскелеңдегі түлектің өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты
Екі жасөспірім де 11-сыныпта оқыған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Алматы облысында, мектеп бітіру құрметіне арналған мерекелік кеш кезінде болған деп болжануда.
«Жасөспірімнің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полиция білім басқармасына құзыреті шегінде шара қабылдау үшін тиісті ұсыныс енгізді», деп хабарлады өңірлік Полиция департаменті.
Қақтығыстың неден шыққаны әзірге айтылмай отыр. Тергеу мүддесіне байланысты ақпарат жария етілмейді.
Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырауды атап өтуді ұйғарған. Олар бір коттеджді жалға алған. Дастархан басында алкоголь ішімдігі ішілген.
Сол түлектердің бірі қатты мас болып қалып, агрессия таныта бастаған. Кәуап пісіретін піскекті қолына алып, әрі-бері сермеп, қорқытуға кіріскен.
Жиналғандар абдырап, кейбірі үйлеріне тарап кеткен. Осы сәтте бір жігіт қызды қорғап, ашуға булыққан сыныптасын сабырға шақырмақ болған. Бірақ дәл сол кезде ол жүрек тұсынан піскекпен жарақат салған.
Жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ата-аналары тәрбиелеу міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық