Сыныпта түнеп, спортзалда тамақтануға мәжбүр: Алматыдағы интернаттағы ауыр жағдай
Фото: Orda.kz
Алматы қаласындағы Ибрагим Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатта 170 әлеуметтік арнайы статусы бар балалар білім алуда. Бұл мектеп-интернаттың жағдайы мәз емес. Үш жыл бұрын мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталғанымен, мердігер оны аяқтамай, жосықсыз деп танылған. Соның салдарынан балалар жартылай қираған ғимаратта тұруға мәжбүр, оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады, ал санитарлық-гигиеналық нормалар бұзылып отыр. Интернатқа Orda.kz тілшісі барып мән-жайын біліп қайтты.
Осыдан үш жыл бұрын Қарасай ауданының қаржы бөлімі тендер ойнатып, И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернат құрылысын "ГРАДСТРОЙ" ЖШС мердігер компаниясы тендердан ұтып алады. Аяқталмаған жөндеу жұмыстары салдарынан, қазіргі таңда балалар сыныпта түнеп, спортзалда тамақтанады.






«Бұл мектепте жетімдер, отбасылық жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан балалар оқиды. Аптаның жұма күні үйлеріне қайтады. Төрт ай көлемінде құрылысты аяқтап қолданысқа беру керек болған. Бөлінген ақшаны дұрыс жұмса алмай, құрылыс аяқсыз қалды. Сол себепті мектептің 10 кабинетін жатын бөлме жасап күн көріп жатқан жайымыз бар», - деді мектеп-интернат директоры Ләззат Әжімаханқызы.
Соның салдарынан, бір бөлмеде 18-ден 22-ге дейін балалар жатады. Екі қабатты мектепте бейне камералар орнатылған, сонда да мұғалімдер қауіпсіздік үшін мектепте қонады. Балалардың далада ойнайтын жалғыз футбол алаңынан басқа ешқандай жағдай жасалынбаған.
«Біз балалардың барлық жағдайын жасап отырмыз. Балалардың тамағының 80 пайызын мемлекет, 20 пайызын ата-анасы төлейді. Қазіргі қолданыстағы екі қабатты мектептің ауданы 3700 шаршы метр. Осы жерде 170 бала оқып, түнеп жатыр», - деді мектеп-интернат директоры.
Осыған байланысты, құрылысы бітпей тұрған ғимараттың ауданы 6700 шаршы метр. Балаларға жуынатын жағдай жасалынбаған. Балалар қайда жуынады деген сұрағымызға жұма күні балалар үйіне қайтады, үйінен жуынып келеді деген жауап алдық.



Тілшіміз мектептің құрылысын ғана емес балалардың психологиялық жағдайын да сұрап, мектеп психологымен де тілдесіп қайтты. Себебеі бір бөлмеде 2-шы сыныптан 7-ші сынып оқушыларына дейін жатады. Әлімжеттік пен зорлық-зомбылық көрген балалар бар ма немесе үйлерінен қысым көріп денесі көгеріп келетіндер бар ма деп сұрақты ашық қойдық. Мектеп психологы бәрін жоққа шығарып проблема болған жағдайда ата-анасының қатысуымен шешілетінін айтты.
Алматы облысы Білім басқармасы басшысының орынбасарының Гүлсара Исағұлованың айтуынша құрылыс компаниясының соншалықты жауапсыздығыны кесірінен бүгінгі күнге дейін созылып келе жатыр. 3 рет сотқа берілгеннен кейін барып, апеляция жасап отырып, «GRAND STROY SERVICE» компаниясын жосықсыз деп шығарды.
«Облыс әкімі жеке инвесторлар тауып, Қонаев қаласында, облыс орталығында интернат салып беру мәселесін қарастыруда. Бұл мәселе - шешілген мәселе. Инвесторлар табылды. Жеке өзінің ақшасына салып береді де, сол жерге бұл интернатты көшіреміз. Интернат осы Ибрагим Жүсіпбаев атында қалады», - деді Гүлсара Исағұлова.
Бастауыш сынып оқушылар алдағы бір-екі күнде басқа интернатқа ауыстырылады, дейді жауаптылар. Ал жоғары сыныптағы балалар амал жоқ жылды осы оқу ордасында аяқтауға мәжбүр.
«Жосықсыз мердігердің кесірінен қаланың қақ ортасындағы ғимарат қараусыз қалатын болды. Жауапсыз компания енді алдын ала төлемге берілген 100 млн теңгені қайтаруы тиіс. Сонымен қатар тұрақсыздық үшін үстіне 11 млн қосып береді», - деді Гүлсара Исағұлова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық