«Сын көтермес Олимпиада жүлделері»: Қазақ спортшысының медалі қарайып кетті
Фото: nyjah / Instagram
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев медальдің сапасы туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Парижде жүргенде медальдің сапасы жақсы болып көрінді. Бірақ Алматыға келген соң, әуежайда көп адам қолына ұстады. Кейін қарасам, медаль қарайып, дақтар пайда болыпты. Зергерлік бұйымдар жасайтын жерге барып тазартып қалпына келтіріп қойдым. Қола жүлденің сапасы онша жақсы емес. Бірақ медаль дизайны өте керемет, маған қатты ұнады. Жалпы, медаль қандай болса да, ол Олимпиада медалі, ол сынса да, бізге ұнайды», — деді Ғұсман.
Олимпиада медальдарын тек қазақстандық спортшылар емес, америкалық скейтбордшы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Найджа Хьюстон да сынға алды.
«Медаль соғысқа кетіп, кейін қайтып оралған сияқты», — деді Найджа Хьюстон.
Жүлденің бәрі алтын, күміс және қоладан жасалмайтыны белгілі. Әр ойында жүлде құрамы өзгеріп отырады.
ХХ ғасырдың басында чемпиондар таза алтыннан ғана жасалған медаль тағатын. Бұл үрдіс 1912 жылға дейін жалғасты. Одан бері Халықаралық олимпиада комитеті ортақ стандарт ойлап тауып, медальдар атауына сәйкес металмен қапталатын болды.
Осылайша, алтын медаль күмістен жасалған және сары алтынмен қапталған. Талап бойынша, алтынның құрамы алты грамнан кем болмауы керек. Екінші орын үшін берілетін жүлде таза күмістен тұрады. Ал қола медаль қоладан жасалмаған. Композицияның басым бөлігі мыстан, қалғаны мырыштан тұрады.
Қола медальдің 95 пайызы мыстан, қалғаны мырыштан тұрады. Эйфель мұнарасының 18 грамм темірі де бар. Ал құны шамамен 200 доллар болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық