Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ермек Тұрсыновқа қатысты ресми мәлімдеме жасады
Фото: Ермек Тұрсыновтың парақшасынан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ермек Тұрсыновқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты ешқандай тергеу әрекеттерін жүргізіп жатпағанын мәлімдеді.
Осыған байланысты оның Facebook желісінде жариялаған ақпараты Агенттікке беймәлім болып отыр.
Антикордың айтуынша бұған дейін оларға режиссер «Н»-нің арызы түскен. Ол «Қазақфильм» АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысына сүйене отырып, «Долгое эхо» фильмі аясында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.
Арыз негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қосалқы мердігер ретінде жұмыс атқарған – «Alashfilm» ЖШС, оның бұрынғы директоры — азамат «Т». Тергеу барысында ол куәгер ретінде бірқатар тергеу әрекеттеріне қатысты. Ол бұған дейін «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында Ермек Тұрсыновтың серіктесі болғаны анықталды.
Алайда, Тұрсынов тергеу органына шақырылмаған, іс бойынша ешбір тұлға күдікті деп танылған жоқ.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін кез келген адам кінәсіз деп есептеледі.
Orda бұған дейін Қазақстандық режиссёр әрі қоғам қайраткері Ермек Тұрсыновтың елден кеткенін мәлімдегені туралы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық