Сыбайлас жемқорлық фактілерінің ең көбі мемлекеттік сатып алумен байланысты
Сурет: Ашық дереккөзден
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметі еліміздегі әрбір бесінші қылмыс мемлекеттік сатып алуларға қатысты екенін хабарлады.
«Статистикаға сәйкес, бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі мемлекеттік сатып алудың үлесі шамамен 30%-ды құрайды. Ал бұл Қазақстанның ЖІӨ құрылымында шамамен 5% -на тең. Бұл өз кезегінде нарыққа өте маңызды экономикалық әсерді көрсетеді. Бюджет қаражатының мұндай айналымы мемлекеттік сатып алу жүйесінің сыбайлас жемқорлық тартымдылығын арттырады. Әрбір бесінші сыбайлас жемқорлық қылмысы осы салада жасалады» деп хабарлады жұма күні антикор.
Мәселен, 2020 жылдан 2022 жылдың бірінші тоқсанына дейін 418 қылмыстық іс аяқталып, олар бойынша 162 адам сотталды.
«Талдау көрсеткендей, бұл қылмыстардың 80%-ға жуығы бюджет қаражатын ұрлау және жалған орындалған жұмыстарға қол қою және сатып алу жеңімпазын анықтау кезінде пара алумен байланысты» деп толықтырды ведомство.
Негізінен бұл қылмыстар құрылыс, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларында жасалады.
«Мәселен, Қызылорда облысында Жалаңтөс баһадүр ескерткішін салуға қаражатты кедергісіз аударғаны үшін он миллион теңге көлемінде пара алған мәдениет басқармасының басшысы Әбуова сотталды. Сондай-ақ, биыл Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Балықбаев үш жылға бас бостандығынан айрылды. Ол кәсіпкерден жолдар мен су өткізгіш құбырларды жөндеуге мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасасқаны үшін 1,8 млн теңге сомасында 10% қайтарып алған. Өткен жылы агенттік Атырауда Абай Құнанбаевтың ескерткішін жасап, орнатуға келісім жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованы әшкерелеген болатын. Ол істегі қаржы көлемі 145 миллион теңге» деп атап өтті агенттік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық