Суданда түрік ұшағына оқ  атылды

cover Сурет: the gardian

Судандағы түрік азаматтарын эвакуациялау үшін Вади Сайднаға бет алған С-130 ұшағына  жеңіл қарудан оқ атылды.

Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Ұшақ қону кезінде шабуылға ұшыраған.

«Біздің  S-130 эвакуациялық ұшағымызға жеңіл қарудан оқ жаудырылды. Біздің жеке құрам зардап шекпегенімен, ұшақта қажетті тексерулер жүргізіледі», - деді Түркия қорғаныс министрлігі.

Адамдарды эвакуациялауға барған ұшақ саны екеу еді, дегенмен екеуі де  Суданнан аман-есен ұшып шыққан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар