Светлана Жақыпова Жітіқарадағы қайғылы оқиғаға пікір білдірді
Фото: Orda.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысында 5 баланың өлімімен аяқталған өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгілі болғандай, Жітіқара қаласының әкімдігі қайтыс болған балалардың анасына пәтер беріпті.
«Барлық жағдайды білмей, бірден баға беру қиын. Егер әкімдік мұндай шешім қабылдаса, оны қажет деп тапқан болар. Әкімдік бұл пәтерді демеушілер есебінен берді. Мүмкін біреу пәтер сатып алып берген де шығар, себебі оның тұратын жері жоқ. Оны біреу өз үйіне кіргізер ме еді? Сондықтан, пәтерді жалға берген шығар, бірақ кейбіреулер оны пәтер ретінде берді деп жазыпты. Ресми түсініктемелерді әкімдіктен күтейік», — деді Светлана Жақыпова Мәжіліс дәлізінде.
Сонымен қатар, келіншектің арнайы әлеуметтік көмек алғанын да айтты. Анықталғандай, әйелдің алғашқы некесінен 3 баласы, екінші некеден тағы 3 баласы болған. Ең кішкентайы мамырда бір жасқа толыпты. Әйел көпбалалы ана ретінде марапатталып, орден да алған екен. Ал алғашқы күйеуімен ресми түрде ажырасқан.
«Жазда ол шамамен 320-330 мың теңге көлемінде алимент алып отырды. Атаулы әлеуметтік көмек екі тоқсан бойы шамамен 290 мың теңге көлемінде берілген. Төлемдер жақсы болды. Әйел жергілікті дүкенде еден жуушы болып жұмыс істеген, сол түні қалаға кеткен екен. Оның қандай мақсатта және себеппен кеткені белгісіз. Үйге әйелдің өтініші бойынша,1995 жылғы ер адам сағат 9- дар шамасында келіп пешті жағып, кетіп қалған», — деп түсіндірді Светлана Жақыпова.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 11 қазан күні Жітіқара қаласында болды. Өрт кезінде үйде 6 бала болған, олардың тек біреуі ғана тірі қалып ал 5 баланың денелері үйінді астынан табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық