Сулпак алдындағы ағаштарды кесуге айыпты алматылықтардан кешірім сұрады
Төле би көшесіндегі «Сулпак» сауда үйінің алдындағы емендерді кесіп тастады деп айыпталған Жанна Нұртаева сот отырысындағы тараптардың пікірсайысында соңғы сөзін айтты.
Пікірсайыс барысында айыпталушы Алматы тұрғындарынаөз пікірін мәлімдеді.
— Мен өз әрекетім үшін Алматы тұрғындарынан кешірім сұраймын. Өкінемін, ендігі ғана не істегенімді түсіндім. Мен әлі жаспын, сондықтан мен Алматы үшін көп нәрсе жасауға, яғни ағаш отырғызуға, көгалдандыруға қатысуға, балабақшаларға, мектептерге көмектесуге тырысамын. Осы әрекетім үшін көбірек жұмыс істейтін боламын. Тағы да кешірім сұраймын, – деді Жанна Нұртаева.
Айыпталушы ретінде ол судьяға да өтініш білдірді.
— Құрметті сот, мен өзімді ақтамаймын, мен не істегенімді түсінемін. Дегенмен менің жазамды жеңілдетуіңізді сұраймын. Менің кішкентай балаларым бар және оларды менен басқа тәрбиелейтін ешкім жоқ. Мен отбасыма өте қажетпін. Басқа айтарым жоқ. Жылағым келеді, – деп сөзін аяқтады айыпталушы.
Нұртаеваның ісіне қатысты үкім 24 мамырда сағат 11.00-де шығарылады.
Естеріңізде болса, алматылықтар бұрынырақта қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған болатын. Сол кезде Жароков және Әуезов көшелерінің ортасында, Төле би көшесінің бойында сауда үйінің алдындағы ағаштар кесілген. Желі қолданушылары кесілген ағаш орнының суретін жариялады.
Сол кезде Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, басқармасы ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.
Оқиғадан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Ол Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық